Жаңалықтар

Сотталғандар зейнетақысын қайда жұмсайды?

Түзеу мекемесіндегі зейнет жасына жеткен жазасын өтеушілерге де зейнетақы тағайындалады. Алайда қолдарына қаражат берілмейді.
– Араларында зейнет жасына жеткендер болса, мекеменің есеп бөлімінің қызметкерлері заң аясында құжатын рәсімдеуге көмектеседі. Еңбек кітапшасы, әскери билет сынды керекті қағаздарды алдырады. Сосын олардың өтінішін халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады, – дейді ОВ 156/18 мекемесінің қызметкері А.Төкенова.
Оның айтуынша, сотталғандардың зейнетақысы қолдарына берілмейді. Олардың мекеме аумағындағы дүкеннен сауда жасауына немесе өтініш арқылы зейнетақысын туыстарына аударуына болады.
– Сотталғандардың туыстары зейнетақы тағайындалуына ризашылығын білдіріп жатады, – дейді түзеу мекемесінің қызметкері.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button