Білім
Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
Енді қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.
- Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады, – деді Г.Кәрімова.
Айтуынша, 31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл күні еліміздің мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне сай Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттарға қатысады.
Ал 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін де атап өтеді.