Жаңалықтар

Сограда жаңа биофильтр салынады – Өскемен

Кенттегі биофильтрдің 80 пайызы тозған.

Өскеменнің Согра кентінде жаңа биофильтр салу жоспарланған. Қазір құны 18 миллиард теңге жобаның жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бұл жайында кент тұрғындарының Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омармен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Сіздердегі биофильтрдің 80 пайызы тозған, апатты жағдайда тұрғанымен, біз үнемі назарда ұстап, қолдап келеміз. Қазір жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз, «Қазорталық ТКШ» кәсіпорны мемлекеттік сараптамадан өткізіп, қыркүйекке дейін мақұлданса, қаражат бөлінеді. Жобаның құны 18 миллиард теңге. Бұл кәдімгі классикалық үлгісі. Егер заманауи үлгіде салсақ, жоба одан да қымбатқа түсіп кетеді, әзірге осы классикалық түріне тоқтадық. Биофильтр ғимаратының өзі де тозып тұр. Оны жөндеуге 268 миллион теңге бөлінген, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр, қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, – дейді Жақсылық Омар.

Қала әкімінің айтуынша, Согра жылу орталығының «Қазорталық ТКШ» кәсіпорны мемлекеттік сараптамадан өткізіп, қыркүйекке дейін мақұлданса, қаражат бөлінеді екен. Жобаның құны 18 миллиард теңге.

– Биофильтр ғимаратының өзі де тозып тұр. Оны жөндеуге 268 миллион теңге бөлінген, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр, қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс, – деді шаһар басшысы.

 

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button