Сөмкенің ішінде бәрі бар
Оқушылар алдымен зияткерлік мектептің ішін аралап, шағын саяхат жасады. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кабинеттерді тамашалап, озық технологияның жетістіктеріне куә болды.
– Бізге бәрі ұнады! – дейді кішкентай қонақтар қуанышты үнмен.
Балаларға арнайы сатып алынған сөмкелер де өте ұнаған секілді. Сөмке ішіне салынған гуашь, түрлі-түсті қарындаш пен қалам, ұштағыш, күнделік, дәптер сияқты әдемі оқу құралдары да балғындардың көңілінен шықты.
– Сыйлықтарды таңдағанда біз заттардың сапасы мен түр-түсіне, ыңғайлы болуына ерекше мән беруге тырыстық. Нәтижесінде алған дүниелеріміз оларға ұнады, біз соған қуандық, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Татьяна Аргунова.
Аталған білім ордасының баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында жиналған қаражаттың қалған сомасына мұғалімдер өздерінде оқитын көмекке мұқтаж балаларға қажетті оқу құралдарын сатып әпермек.
Кәмал Естай