Оқиғалар

Өскеменнен Новосібірге тікелей ұшады

Өскеменнен Новосібірге тікелей ұшады

Өскемен мен Новосібір қалаларының арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Жолаушылар тасымалдау қызметін қазақстандық «SCAT» компаниясы атқарады.
Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы алғашқы әуе кемесі алдағы мамыр айының 27-сі күні ұшырылмақ және бүкіл жаз маусымында аптасына үш күн, яғни, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері қатынап отырады. Жолаушылар тасымалдау қызметі «Bombardier CRJ-200» ұшағымен жүзеге асырылады.
Әуе кемесі Новосібірден сәрсенбі, жұма күндері ресейлік уақыт бойынша 12.00 де, ал жексенбіде 12.10-да ұшып шығады. Ал Өскемен әуежайынан аптаның үш күнінде де астаналық уақытпен 09.45-те ұшады. Билеттер тиісті әуе компаниялары мен Толмачева әуежайының сайтында, сондай-ақ, Новосібірдегі әуе кассаларында сатылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button