Қоғам

Өскеменнің ең жас оқырманы – 4 жаста

 Өскеменнің ең жас оқырманы – 4 жаста

Өскемендік төрт жасар Артур Чавкин мен Светлана Кузнецова ең үздік оқырман болып табылды. Олардан өзге тағы он бес бала кітап оқуға деген сүйіспеншіліктері үшін марапатталды.
Облыс орталығындағы 15 кітапханада 7-11 сәуір аралығында балалар мен жасөспірімдер кітаптарының дәстүрлі апталығы өткен-ді. Осы күндері жас оқырмандар жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарымен, жаңа туындылармен, шетелдік авторлардың үздік шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, кітап көрмелерін тамашалап, түрлі интеллектуалды ойындарға қатысты.
Аптаның алғашқы күні Үлкен кітапхана квесті интеллектуалды ойынымен басталып, кітапқұмар балалар көрсетілген маршрут бойынша кітапхананы аралай жүріп, жолдарында кездескен тапсырмаларды орындаса, келесі күні жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығына арналған мәдени шараларда қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығынан мол мағлұмат алды. Ал одан кейінгі күндері биыл мерейтойлары аталып өтілетін жазушылардың шығармашылығымен танысты.
Дәстүрлі апталықтың ең қызықты шаралары соңғы күнге сақталған екен. Жұма күні 2014 жылдың үздік оқырмандары анықталып, олардың барлығы сый-сияпатқа ие болды

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button