Мәдениет

Өскеменге Мақпал Жүнісова келеді

Құрметті оқырман, «Дидар» газеті өздеріңізге арнап тағы бір жаңа жобаны қолға алып отыр. Енді Сіздер Өскеменге ән сапарымен келген кез келген өнер адамына
өз сауалыңызды газет арқылы жолдай аласыздар.

Өскеменге Мақпал Жүнісова келедіСауалдарыңызды хат, факс немесе ұялы телефондарыңыздан СМС арқылы жіберулеріңізге болады. Телефон арқылы да сұрақтарыңызды қоюларыңызға мүмкіндік бар. Біздің газеттің тілшілері өнерпаздан сұхбат алған кезде сіздердің сұрақтарыңызды міндетті түрде қоятын болады. Мәселен, Өскеменге 15-16 мамыр күндері гастрольдік сапармен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мақпал Жүнісова келеді. Әншінің шығармашылығына немесе жеке өміріне қатысты сұрақтарыңыз болса, жолдаңыздар. Қапы қалмаңыздар!

Біздің мекенжай: 070003, Өскемен қаласы, Ғарышкер көшесі, 6/3.
Телефон: 87232 75-96-19, Е-mail:didar@media-vko.kz. Ұялы тел: 87756678081.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button