ЖаңалықтарТОП

Өскемендегі субұрқақ орынынан алынып жатыр

Өскемендегі Антон Чехов – Максим Горький көшелерінің қиылысындағы Лихаревтің мүсіні орналасқан композициялық субұрқақты орынынан алып жатыр.
Өскемен әкімдігі субұрқақ орынына бағдаршамсыз оңға бұрылуға болатын жол салатынын хабарлады. Қала әкімі дәл осы көшеде көлік кептелісі көп екенін айтады.
Ал аталмыш субұрқақ Лихарев көшесіндегі Андреев шіркеуінің алдына қарай көшіріледі деп жоспарлануда.
– Субұрқақ алдымен қайта қалпына келтіруге жіберіледі, – деп жазылған қала әкімдігінің ақпаратында.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button