Қоғам

Өскемендегі жұмыспен қамту орталығы көшеді

Биыл Өскемендегі жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшеді.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, Тургенев көшесіндегі шағын ғимаратта орналасқан орталық бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасына қоныс аудармақ.

– Қаладағы жұмыспен қамту орталығының бөлмелері тар ғимаратта орналасқан. Соның салдарынан орталық мамандары белгілі бір мөлшерден артық тұрғынды қабылдай алмауда. Енді бұл мәселенің де түйіні тарқайды деп үміттенеміз. Күзге дейін аталған мекеме бірнеше жыл бойы қаңырап бос тұрған аурухана ғимаратына көшірілуі тиіс, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Альмира Мусинова.

Бүгінде 50-ге жуық адам бұрынғы аурухана ішіндегі бөлмелерді кеңейтіп, жаңа шатыр мен еден төсеніштерін жаңартып жатыр. Ғимараттың іші-сырты біршама өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар нысанның айналасында кең автотұрақ пайда болады. Бұл жұмыстар қыркүйекке дейін аяқталып қалады.

Нұржан Кенжеұлы

 

Осы айдарда

Back to top button