Жаңалықтар

Өскеменде әскери отбасыларға саябақ ашылды

Өскемен гарнизонының басшылығы Жаңа Ахмер қалашығындағы әскерилердің балалары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтап, шоу-бағдарлама ұйымдастырды.
– Ерекше айтып өтер мәлімет, гарнизон басшылығының ұйымдастыруымен қалашықта әскери қызметшілердің отбасына арналған саябақ ашылды. Онда гүл көшеттері отырғызылып, кіре берісіне әскери қызметші отбасының ескерткіші қойылған, – дейді Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы Нұржан Малгаждаров
Мерекелік іс-шарада спорт пен дидактикалық ойындардың қатсушыларына сыйлықтар да берілді. Бұдан бөлек 25 мамыр – 1 маусым аралығында “Мен елімнің бақытты баласымын!” атты тақырыпта әскери қызметшілердің балалары салған суреттерге конкурс өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаздар гарнизон басшысының грамоталарымен марапатталған болатын.
– Әскери қызметшілер қалашық аумағын тазартуға және абаттандыруға, ойын алаңын жаңартуға үнемі көмек көрсетіп тұрады. Әр мереке сайын балаларға экскурсиялар мен концерттер, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұның бәрі жақсы дәстүрге айналып, жылдан жылға жалғасуда, – дейді қала тұрғындары.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button