ҚоғамТОП

Өскеменде бірқатар нысандар жабылады

Құрметті жерлестер!

Коронавирустың Қазақстан аумағында таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімін орындау мақсатында және COVID-19 ауруына шалдыққан өскемендіктердің санының өсуін ескере отырып (бүгінгі таңда 51 жағдай тіркелген), алдымыздағы жексенбі күндері, яғни 2020 жылдың 20-21 маусымында келесі қоғамдық орындар жабық болады:
• қалалық саябақтар (Солжағалау кешені, Қайсенов және Жамбыл саябақтары, «Самал», «Нұрлы Жол», «Металлург» саябақтары);
• «Арбат», «Комендантка» жаяу жүргіншілерге арналған орындары;
• аллеялар мен суға түсетін орындар;
• өзендердің жаяу жүргіншілерге арналған жағалаулары.
Сонымен қатар жасы 65-тен асқан тұрғындардың қалада жүрулеріне шектеу қоюымыз қажет.
Баршаңызды мұндай шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды сұраймыз!

Осы айдарда

Back to top button