Оқиғалар

Шығыста жер сілкінді

Мамырдың 18-і күні таңғы сағат 5 шамасында облыс орталығынан 172 шақырым қашықтықта сейсмологтар жердің сілкіну оқиғасын тіркеді.

Шығыста жер сілкіндіБілім және ғылым министрлігі ғылым комитеті сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедициясының ресми сайты таратқан ақпаратқа жүгінсек, магнитудасы 4,5 баллды құрайтын табиғи апат жер бетінен 5 шақырым тереңдікте орын алған.

Зілзаланың эпицентрі Зырян қаласынан 75 шақырым, ал Өскеменнен 172 шақырым қашықтықта болған. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button