Білім

Шығыс Қазақстанға қанша мұғалім қажет?

Шығыс Қазақстанға қанша мұғалім қажет?

Облыс мектептеріне қандай пәндердің мұғалімдері жетіспей жатқандығы туралы айтылды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сайран Искакова мәлім етті.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облысымыздағы педагогика саласы кадрларының тапшылығы жалпы есеппен 334 адамды құрайды екен.
– Әсіресе, математика пәнінің мұғалімдері ауадай қажет болып тұр. Аталмыш пән мұғалімдерінің тапшылығы сезіледі. Қазірдің өзінде 89 педагогтың жұмыс орны бос тұр. Сонымен бірге, бастауыш сыныптарға сабақ беретін 38 мұғалім, 32 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің, 23 физика, 25 химия және 21 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жетіспейді, – деді Сайран Искакова.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button