Мәдениет

«Шырмауық» көрерменге жол тартты

  «Шырмауық» көрерменге жол тартты

Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік дерттің бірі жат ағымдар мен түрлі секталар екені шындық. Ұлтын ұмытып, отанын тәрік еткен сол бейбақтар туралы «Шырмауық» қойылымының тұсауын кескен облыстық Жамбыл атындағы драма театрдың қазақ труппасы «театр қоғамның – айнасы» екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

  «Шырмауық» көрерменге жол тартты

Облыс әкімдігі мен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ, облыстық дін істері басқармасының басшылығының қолдауымен сахналанған бұл қойылымының режиссері – Сахан Әкелеев. Драма авторы – Бек Рамазан.

  «Шырмауық» көрерменге жол тартты

Қойылымда Италияға музыкалық білім алуға кеткен ұлын зарыға күткен ата-ана балалары келе жатыр деген хабарды естісімен дос-жарандарын жиып, дастарқан жайып, баяғыдағы сауықшыл ұлдарын тосып отырады. Бірақ шолақ шалбар киіп, қаба сақал өсірген ұлдары өзі іспеттес бірнеше жолдастарымен келіп олардың қуанышын су сепкендей басады.

  «Шырмауық» көрерменге жол тартты

Әңгіме сақал мен шалбарда ғана емес екен, келе сала дастарқандағы шөлмектердің көзін құртқан ұлдары қазақтың қасиетті қара домбырасына да тап береді. Үлкендердің салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында айтқан кеңестеріне құлақ салмаған ұлдарының жат ағымға бой ұрғанына көз жеткізген әке оны полицияның қолына тапсырады. Ал ішкі істер саласының қызметкерлері оған тиісті жазасын бере отырып, арнайы дін өкілін шақырып, жүрген жолының ақ-қарасын ажыратып береді. Жастарды шырмауықтай шырмаған осы көріністі театр актерлері нанымды жеткізді.

  «Шырмауық» көрерменге жол тартты

Басты рөлдердегі адасқан баланың бейнесін сомдаған Жасұлан Серкетаев та, ата-ананың рөліндегі Қанат Ниязбеков пен Майра Арғынбекова да сәтті өнер көрсетті. Осы орайда режиссерге дін жөнінен кеңес берген исламтанушы Қ.Қабдолданың еңбегін атай кеткен жөн. Өйткені, қойылымда дәстүрлі дін мен жат ағымның аражігін тайға таңба басқандай етіп ажыратып берген.
Тұсаукесерге шығарма авторы Б.Рамазан мен исламтанушы Қ.Қабдолда қатысып, қойылымды жоғары бағалап, өздерінің риза болғандарын айтты.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button