Спорт

Шығыстан жазғы Олимпиада ойындарына кімдер қатысады?

ШҚО-дан 18 спортшы жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев 33-ші жазғы Олимпиада ойындары жайлы айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамыз аралығында Парижде 32 спорт түрінен өтеді. Бүгінгі таңда өңірде спорттың 7 түрі бойынша 18 адам қатысуға үміткер екен.

– “Жеңіл атлетикадан үміткерлер қатарында Надежда Дубовицкая, Элина Михина, Жанна Мамажанова, Галина Якушева, Дейзи Джепкемей, Каролина Кипкируи, Шадерак Коеч, Нора Тануи бар, еркін күрестен – Азамат Дәулетбеков, Данияр Қайсанов, грек-рим күресінен – Ернар және Ернұр Фидахметовалар, ескек есу слаломынан байдаркаларда және каноэда – Александр Куликов, Қуаныш Ергайыпов, байдарка мен каноэде есу бойынша – Маргарита Торлопова, ауыр атлетикадан – Денис Ұланов және семсерлесуден – Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов”, – деді Серік Құсымбаев.

Сонымен қатар әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының құрамына Шығыс Қазақстаннан 707 спортшы кірген екен.

– “2023 жылдың 6 айында облыс спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша – 3303 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын – 1208, күміс – 1031, қола – 1064. Үш жүз спортшы 35 Халықаралық турнирге қатысуды жоспарлап отыр, ал 170 спортшы Әлем және Азия чемпионаттарына қатысады”, – дейді спикер.

Осы айдарда

Back to top button