МәдениетҰлттық құндылық

Шығыста ең үздік келінді анықтайды

Шығыста «Аяулы жас келін-2023» облыстық байқауы өтеді.

ШҚО-да жыл сайын дәстүрлі түрде «Аяулы жас келін – 2023»  облыстық байқауы өткізіліп келеді. Облыстық байқауға қалалар мен аудандардағы іріктеу турнирінен өткен жеңімпаз келіндер қатысатын болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Биыл байқау 19 шілде күні Шемонаиха қаласында өтеді. Оған облыстың қалалары мен аудандарының 35 жасқа дейінгі келіндері қатыса алады.

Байқаудың басты мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, әр ұлт өкілінің ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ас түрлерін, жоралғыларды қайта жаңғырту, келіндердің қоғамдық белсенділігін арттыру. Қазіргі таңда жастар арасындағы ажырасу деңгейі артуда. Республика көлемінде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Осындай шаралар арқылы ажырасудың алдын алу, отбасылық бірлік пен татуластықты, отбасылық құндылықтарды нығайту көзделген.

Байқаудың әр кезеңінде қатысушылар түрлі сындардан өтіп, өз өнерін ортаға салады.

Сайыс кезеңдері:

– «Ас адамның арқауы» – көне тағамдар мен әр ұлт өкілінің ұлттық дәмдерінен ас әзірлеу;

–  Өзін-өзі таныстыру;

–  Интеллектуалды сайыс;

–  «Өнерлі өрге жүзер» – өз өнерін көрсету;

–  «Ақ орамал» сайысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетсек, іс-шараны өткізуге «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы демеушілік көмек көрсетіп отыр.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8 /72 32/ 710-234, 8 777 578 61 17

Өтетін орны: ШҚО, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 19 шілде, сағат 11.00

Ұйымдастырушылар: ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Шемонаиха ауданының әкімдігі

Осы айдарда

Back to top button