Жаңалықтар

Шығыста дауылды ескерту жарияланды

ШҚО аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдай қызметі шығысқазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 16 маусымда күндіз облыстың шығысында найзағай болады. Жел күшейіп, екпіні  15-18 м/с дейін жетеді.

Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу керек. Бұл кезеңде шөпті өртеуге болмайды. Орманда от жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз. Жол жиектерімен жүрген кезде көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтырмаңыз. Жазғы саяжайларда алғашқы өрт сөндіру құралдары – су құйылған бөшке, құм және өрт сөндіргіш болуы тиіс.

ТЖ кезінде 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Осы айдарда

Back to top button