Спорт

Шығысқазақстандық боксшы ФИНАЛҒА өтті

Балауса ҚОЖАЕВА

Оралда бокстан ерлер И арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысуда. Олардың қатарында шығысқазақстандық Ермахан Жакпеков та бар және ол финалда.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған турнирде 13 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталады. Екі жүзден аса боксшы жиналған додада жеңіс тұғырынан көрінгендер ел намысын әлем чемпионаттарында қорғайды. Бұл жайлы Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаев мәлімдеген болатын.
15 желтоқсан күні басталған дода 23-і күні өз мәресіне жетеді. Жерлесіміз финалда 71 кг салмақта павлодарлық Қуан Қуатовпен кездеседі. Ендеше, сәттілік!

Осы айдарда

Back to top button