Ресми

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Думан Нәдірұлы Сайфуллин Шығыс Қазақстан облысының бас имамы, облыстық “Халифа Алтай” мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Думан Сайфуллин 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары “Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып, 2010 жылы аталған оқу орнының магистратурасын тәмамдады. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Ислам институтында, Каирдегі әл-Әзһар университетінің білім жетілдіру институтында ілімін тереңдеткен.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы “Орбита” мешітінде азаншы қызметінен бастаған. 2012-2013 жылдары Алматыдағы Ислам институтында араб тілі және хадис пәнінен ұстаздық етті. 2013 жылы Аягөз қалалық мешітінде наиб имам, ал 2014 жылдан бастап Аягөз қалалық мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2019 жылдан бері ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі. 2020-2023 жылдары ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, 2023 жылы Астана қаласындағы “Әлжан ана” мешітінің бас имамы, кейін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.
Думан Сайфуллин – дін саласындағы тәжірибелі маман ғана емес, сондай-ақ «Ислам әдептері», «Көркем мінез» қатарлы бірқатар кітаптардың авторы.

“Дидар” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button