Халықпен өзара байланысты күшейту міндеттелді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді деп хабарлайды Ақорда.
Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Жолдаудағы міндеттердің іске асуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына назар аударылды.
– Елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатыр. Оның бағыт-бағдарын былтыр наурыз айындағы Жолдауда айқындап, бір жыл ішінде ауқымды реформаларды жүзеге асырдық, – деді Мемлекет басшысы.
Президент халықтың тұрмысын жақсарту Үкімет пен әкімдердің ең басты міндеті екенін атап өтті. Мемлекет басшысы азаматтарымыз елде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажеттігіне тоқталды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен мемлекеттік органдар басшыларына тұрғындармен байланысты күшейтуді, кездесулер мен жеке қабылдауларды жиі өткізуді тапсырды.
Didar ақпарат