ӨзектіТОП

Шығыста карантин 13-маусымға дейін ұзарды

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. Исмаиловтың коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы №11 қаулысы шықты.
Соңғы жеті күн ішінде инфекция жұқтыру көрсеткіші облыс бойынша 9,3%-ға, Өскеменде 14,3%-ға, Семей қаласы бойынша 17,8%-ға тең болды. Осыған байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин және шектеу шаралары 13 маусымға дейін ұзарды.
Соған сай облысқа кіріп-шығу кезінде блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Қала мен ауыл-аймақтың тіршілігін қамтамасыз ету бағытында қатынайтын көліктер күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң түрде сақтай отырып, қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша жүреді. Маскалық режим, әлеуметтік арақашықтық, сауда нысандарында санитарлық нормалар әлі де қатаң сақталуы тиіс.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің №11 қаулысымен толық танысу үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/37677?lang=kk
Еске салайық, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны кеше 23 адам болса, бүгін тағы 17 адам Семей қаласында тіркеліп отыр. Өскемен мен Семейге кіре берістердегі блок-бекеттер жұмысы қайта жанданып, көліктерді жаппай тексеруге байланысты тас жолдарда ұзын-сонар көлік тізбегі пайда болуда.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button