Қоғам

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындар алдындағы есептік кездесуіндегі баяндамасының тезистері (2020 жылдың 19 ақпаны)

2019 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы тұрақты даму траекториясында қалып отыр.

Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 4 трлн. теңгеден асты (өсім – 104%), бұған бірінші кезекте өнеркәсіп өндірісі көлемінің 9%-ға, ауыл шаруашылығы өнімінің 4%-ға, инвестициялардың 23%-ға, құрылыс жұмыстарының 6%-ға ұлғаюы себеп болды.

Нақты сектордағы оң нәтижелер ел бюджетіне салықтық түсімдерді 21%-ға, оның ішінде жергілікті бюджетке 14%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Жыл бойы тұрғындардың ақшалай табысы 16%-ға өсті (85 221 теңгеден 99 278 теңгеге), орташа айлық еңбекақы 15%-ға (139 885 теңгеден 160 711 теңгеге), жеке тұлғалардың депозиттері 7%-ға (2018 жылы – 395,6 млрд. теңге, 2019 жылы – 423,6 млрд. теңге) артты.

443 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім – 108% (4060 пәтер, оның ішінде 1543-і жеке үй салушылар есебінен).

2900 орынға арналған 3 мектептің құрылысы аяқталды (Өскемен қаласындағы Ахмер кентінде және Уалиев көшесінде 1000 орынға арналған 2 мектеп, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында 600 орындық мектеп 300 орындық интернатымен) және Өскемен қаласы, Жаңа Согра кентіндегі №23 орта мектеп кеңейтілді.

Өскемен қаласында 200 төсектік балалар қалалық ауруханасы ашылды.

Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылының тұрғындары 100 орындық жаңа клубқа ие болды, Семейдегі жаңа Қарағайлы ауданында ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында 5 мың орындық әлемдік деңгейдегі Көпфункционалды мәдени-спорттық кешеннің салтанатты ашылуы өтті.

Глубокое ауданының Глубокое кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді.

513 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, 413 мың км сумен қамту желісі салынды, қосымша 4,5 мың адам ауызсуға қол жеткізді.

306 әлеуметтік сала нысаны жөнделді (білім беру – 294, денсаулық сақтау – 11, мәдениет – 1).

116 елдімекенге абаттандырылу жүргізілді, 170 мың ағаш отырғызылды.

Адамдар өмірі сапасының өсуі – бұл барлық деңгейдегі атқарушы билік органдары алдында тұрған аса маңызды, негізгі міндет. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамту – тұрғындардың мемлекеттің дамуы туралы ой қорытатын негізгі өлшемдері осылар.

Азаматтар өмір сапасының аса маңызды сипаттамасы денсаулық болып табылады. Нақ осы себептен, медицина мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Біз алдымызға облыстағы денсуалық сақтау саласын дамыту ұстанымын қуушыдан озушыға өзгерту міндетін қойып отырмыз.

3 жылдың ішінде өңірдің медициналық ұйымдарына 22 млрд. теңге инвестиция құйылды. 1086 бірлік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи құрал-жабдық сатылып алынды, бұл жоғары технологиялық медициналық техника көлемін 2,5 есе ұлғайтуға, диагностиканың және емдеудің 130 мыңнан астам жаңа әдістерін енгізуге және халықаралық аудиттің міндеттерін 100 пайыз орындауға мүмкіндік берді.

Облыс науқастарын ерте диагностикалауды және емдеуді жақсарту үшін өткен жылы о нкология және хирургия орталығына соңғы үлгідегі 3,0 қуаттылығы бар МРТ Тесла сатылып алынды. Онкологиялық диспансерде және Ана мен бала орталығында 128 кескін жасайтын екі компьютерлік томограф орнатылған.

Ауыл медицинасын дамытуда маңызды қадамдар жасалды. Бекітілген стандарттарға сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуші мекемелер толық көлемде жабдықталды.

Соңғы 5 жылда қабылданған шаралар негізгі көрсеткіштер қарқынын жақсартуға, бала өлімін 28%-ға, қан айналымы жүйесінің аруларынан болған өлім-жітімді 7%-ға, өкпе дертінен болған өлімді 66%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа роботты хирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, гибридті операциялық зал, ІІІ деңгейлі инсульт орталығы, Алтай мен Аягөз қалаларындағы ІІ деңгейлі инсульт орталықтары табысты жұмыс істеп жатыр.

Мекемелерді халықаралық «Алтын стандарт» – Joint Commission International сәйкестігіне аккредитациялау жүруде.

Дәрігерлерді оқытудың үшдеңгейлі бағдарламасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бүгінде 5,5 мың маман біліктіліктерін көтерді, оның ішінде;

– бастапқы буынның 3700 дәрігері Семей қаласындағы медициналық университеттің және республикалық ҒЗИ-лар базасында;

– 1 535 дәрігер қазақстандық және халықаралық мамандар тартылған 91 шеберлік-сыныбына қатысты;

– 276 маман Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва және Израиль емханаларында.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейі 39,5 пайыздан (2014 жыл) 51,3%-ға дейін артты. Қатерлі ісіктің пайда болуын ерте бастан анықтау 6%-дан (2014 жыл) 24%-ға дейін артты, 2019 жылы – 30%.

Бес қазақстандық ғылыми орталықпен және өңірдің жетекші емханаларымен өзара әріптестік жөнінде меморандум бекітілді:

-Ұлттық кардиология ғылыми орталығымен және облыстық ауруханамен;

-Травматология институтымен, Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығымен және Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасымен;

-А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы және облыстық мамандандырылған медициналық орталықпен;

-Ұлттық акушерлік және гинекология ғылыми орталығы және Ана мен бала орталығымен;

-Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Өскемен қаласындағы онкология және хирургия орталығы;

Халықаралық тәжірибелерге сәйкес медициналық жабдықтардың түрлері және көлемі бойынша жұмыс өлшемшарты әзірленді. Ангиография және компьютерлік томография кабинеттері аптасына 24 сағат, 7 күн режимінде жұмыс істейді.

Дәрілік заттарға мониторинг жүйесін енгізу басталды. Медициналық көмек сапасын арттыруға және қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін госпитальді фармация бөлімі құрылды.

Келесі басты басымдық ол – білім саласы.

Мұғалімнің мәртебесін көтеру, қалалық және ауылдық мектептер арасында білім сапасындағы алшақтықты азайту, материалдық-техникалық базаны және цифрлық инфрақұрылымды жақсарту – орта білім деңгейін көтерудің негізгі бағыттары болып табылады.

Бүгінгі таңда үш ауысымды және апаттық мектептердің мәселесі шешілді. Аймақтың барлық мектептері IT сыныптармен жабдықталды, Arduino Uno платформасы, Python тілінде бағдарламалау бөлімдері кірген, халықаралық стандарттарға сай жаңа тереңдетілген бағдарлама енгізілді. 554 мұғалім оқытылып, жаратылыстану-ғылыми цикл пән мұғалімдерінің білім сапасы 44-тен 66% -ға артты.

Ағымдағы жылы 129 мектепті жөндеу жоспарланған, осы мақсатқа бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді.

2023 жылға дейін 5 мың 500 орынға арналған 7 мектеп салу жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы 65 мың мұғалімнің жалақысы 25 пайызға көтерілді, ол мақсатқа 28 миллиард теңге бөлінді.

Көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын француз және неміс тілдерін енгізумен, іске асыру жалғасуда. Алдағы үш жылда 4 мың мұғалім пәнді жүргізу деңгейін жоғарылатады (оған 1 млрд. теңге қарастырылған). Тіл мамандарын қайта даярлау үшін тіл тасымалдаушылар тартылатын болады.

Тіл пәндері мұғалімдерін ынталандыру мақсатында жыл сайын үздік ұстаздарға 1 миллион теңгеге дейін сыйақы төленеді.

Нәтижесінде 2016-2019 жылдар аралығында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілік деңгейі 14-тен 80% -ға, тілдік пәндер бойынша оқушылардың білім сапасының орташа көрсеткіші – 20% -ға артты.

Өткен жылдың желтоқсан айында, облыс орталығында педагогикалық қоғамдастық үшін маңызды оқиғаның бірі – Мұғалімдер үйінің ашылуы болды. Дәл осы жерде, дарынды балалар мен ата-аналардың қатысуымен, қарым-қатынас және тәжірибе алмасу үшін жағдайлар жасалады, шығармашылық шеберханалар ашылып, жаңа жобалар жүзеге асырылатын болады. Мұғалімдер үйі аймақтың инновациялық, әдістемелік және білім беру орталығына айналатындығы сөзсіз.

Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін 900 педагог курстық дайындықтан өтеді, 19 ғимарат бейімделіп, 395 мектеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.

«Білікті маман» жобасы аясында жоғары білімі бар мамандарды даярлауға гранттар бөлінеді. 3 жыл ішінде үміткерлерге 1000 грант бөлінді, оның 400-і тек былтырғы жылы. Барлығы 5 жылда 1846 грантқа 5 млрд теңге қарастырылған.

2016 жылмен салыстырғанда жоғары білімнің қол жетімділігі 48% -дан 64% -ға артып, мектеп түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі 3 есеге азайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңартылуда. ТжКБ дамыту бағдарламасы бойынша профильдеу, заманауи құзыреттілік орталықтарын ашу, колледждерді жаңа жабдықтармен жарақтандыру және WorldSkills стандарттарын енгізу арқылы бүкіл жүйе қайта жаңғыруда. Жалпы, ТжКБ мекемелерін жарақтандыруға 3 млрд. теңге салынады.

Үш жетекші колледж базасында құзыреттілік орталықтары құрылды, олардың бірі KazMinerals компаниясымен бірлесіп, тау-кен саласы мамандарын даярлау үшін құрылған.

2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін біз Ресей Федерациясының Чукотка автономды ауданының Баймское кен орнында, KazMinerals компаниясында жұмыс істеуге 4000 маман даярлауды жоспарлап отырмыз.

Колледж студенттерінің, WorldSkills халықаралық қозғалысындағы, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыратын және кәсіби шеберліктерін дамытатын жетістіктерін атап өткен жөн. Соңғы екі жыл ішінде облыс командасы WorldSkills ұлттық чемпионатында абсолютті көшбасшы болып, бірінші жалпыкомандалық орынды иеленіп келеді.

Жалпы, «Жас маман» бағдарламасы аясында ТжКБ жүйесінің мекемелерін жарақтандыруға 3 млрд. теңге қарастырылады.

Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында облыста 4048 орынға арналған 10 жатақхана ашу жоспарлануда, оның 3-і жоғары оқу орындары үшін, 7-уі колледждер үшін.

Семей қаласындағы медициналық және электротехникалық колледждердің 2 жатақханасына (700 орындық) студенттер қоныстанды.

Колледждерге арналған 5 жатақхананың құрылысы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 2, биыл басталады.

Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балалары біздің ерекше бақылауымызда.  2019 жылы оларды қолдау мақсатында 2,1 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылға 3,7 млрд. теңге бөлінді (АӘК-сыз).

Арнайы облыстық бағдарлама аясында:

– көпбалалы, аз қамтамасыз етілген және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 3764 бала балабақшаларға ақысыз барады;

– аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған;

– өткен жылы 34 мың оқушы мектеп формасын тегін алды. Биылғы жылы 37 мың баланы формамен қамтамасыз етеміз;

– көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына стипендия, ақысыз жол жүру және тамақтану қамтамасыз етіліп, университеттер мен колледждерге 1747 грант бөлінді;

– биылғы жылы 21 мың 500 балаға қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру қарастырылды.

Облыста көп балалы отбасыларды кезеңмен тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Өткен жылы кезекте тұрған 1763 тұрғынның ішінен 523 көп балалы отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның ішінде ауылды жерде тұратындарға басымдылық берілді. Атаған санаттағы тұрғындарға кезектілікті 2020 жылдан бастап, 2022 жыл аралығында үш кезенге бөлу жоспарланып отыр.

Халықтың барлық топтарын қолжетімді баспанамен және әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету өмір сүру сапасын жақсарту мәселесін шешеді. Атап өтетін болсақ, бұл отбасыларды қолдауға, демографияны нығайтуға арналған маңызды мәселелер.

Тұрғын үй құрылысында оң өсу қарқыны сақталуда, өткен жылы 108% өсіммен 443 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді.

Халықтың баспана жағдайын жақсарту қажеттілігі әлі де жоғары.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста ТҮҚЖБ арқылы 4046 ипотекалық несие берілді, бұл 2018 жылға қарағанда 33% жоғары.

2020 жылы 108,4% өсіммен 480 мың шаршы метр тұрғын үйді өткізу жоспарлануда.

Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үш жыл ішінде 1 млн. шаршы метр көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.

2020 жылы тұрғын үй құрылысынан басқа 10 әлеуметтік нысанды өткізу жоспарланған, бұлар:

  • Абай ауданы Қарауыл ауылында 300 орындық мектеп;
  • Үржар ауданы Үржар ауылында жүзу бассейні, Мақаншы ауылында спорттық модуль, балабақша;
  • Семей қ. облыстық онкологиялық диспансердегі радиологиялық орталық;
  • Глубокое ауданы Глубокое ауылында мәдениет үйі;
  • Аягөз ауданы Ақтоғай ауылында денешынықтыру- сауықтыру кешені;
  • Күршім ауданы Күршім ауылында жүзу бассейні;
  • Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дене сауықтыру кешені;
  • Жарма ауданы Шар қ. спорттық кешен;

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Семей қ. Степной ауылында                        300 орындық мектеп және Жарма ауданы Әуезов ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталады.

Өңірдің жол-көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту да өмір сапасын арттыру мен жайлы орта құрудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Өткен жылы автокөлік жолдарын жөндеуге және қалыпты жағдайда ұстауға 64,4 млрд. теңге бөлінген. Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 81%-ға жеткізілген.

Ағымдағы жылы автожолдар саласына 102,8 млрд. теңге салу жоспарланып отыр, оның 82,3 млрд. теңгесі республикалық маңызы бар жолдарға («Талдықорған – Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Майқапшағай»), 20,5 млрд. теңгесі облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға және елді мекендердегі көшелерді жөндеуге жұмсалады.

Жалпы орта жөндеу жұмыстарымен 397 км жол және 83 км көше қамтылады.

Семей-Қайнар (46км), Өскемен-Алтай-Рахман қайнары (26км),
Аягөз-Тарбағатай-Боғас (14км) бағыттары бойынша.

Өскемен қаласының (10,3 млрд. теңге), Үржар ауылының
(4,7 млрд. теңге)
әуежайларын жөндеу бойынша жұмыстар басталды.

Сонымен бірге, Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасынан өтетін көпір құрылысының мәселесі шешілді.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары қызметінің маңызды бағыты – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.

2019 жылы іске асырылып жатқан 69 жобаның 18-і пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2015 жылдан бастап ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету 42% -дан 67% -ға дейін өсті. Сонымен қатар, 77 шағын ауылдарда блокты-модульдік су тазарту және тарату станциялары орнатылған.

Ағымдағы жылы 30 сумен жабдықтау және су бұру нысандарын пайдалануға беру және 50 шағын ауылдарда блок-модульдік су тазарту және тарату станцияларын орнату жоспарлануда.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау 76,5% құрайды, ауыл тұрғындарының сумен жабдықтауға қол жетімділігі – 81,0%.

Әрине, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін қамтамасыз етуге тек бюджет қаражаты ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік-жеке инвестициялар, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының ресурстары да жұмылдырылады.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 222 млрд теңгеге 267 жоба іске асырылуда. Жасалған келісімдер саны бойынша облыс республикада 1-орын алады.

МЖС аясында 112 балабақшаға, сондай-ақ 24 колледжде мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Өскемендегі 35 мектеп асханасы жаңартылды.

Семейде 2 балабақша пайдалануға берілді, Өскемен қаласында 1340 орындық 3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Семей қаласында электронды билет жүйесі, Өскемен қаласында «Сергек» фото-бейнебақылау жүйесі енгізілді.

Семейдегі ҚДБ-Лизинг арқылы жергілікті өндірушінің 170 автобусы сатып алынды. Осындай жұмыстарды Өскемен қаласында да өткізу жоспарланды.

ЕҚДБ арқылы инвестицияларды тарту үшін 302 млрд.теңге сомасына 102 жобаның несие портфелі құрылды. 12 жоба бойынша 75 миллиард теңгеге келісімшарттар мен алдын-ала келісімдер жасалды.

Өскемен және Семей қалаларында 21 млрд теңгеге жылу, сумен жабдықтау және канализацияны модернизациялау бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда.

Өскемен және Семей қалаларында, сондай-ақ облыс орталықтарында құны 10 млрд. теңгеге көше жарықтандыру жүйелері жаңартылуда.

Өскемен және Семей қалаларында қатты қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін интеграцияланған қалдықтарды өңдеу кешендерімен жаңа санитарлық полигондар құрылысын бастау жоспарлануда.

Ауылды жерлердегі өмір сапасын жақсартуғаерекше назар аударылады. Облыс халқының 40% -ы ауылдық жерлерде тұрады.

2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында 4 тірек елді мекенде құны 3,5 млрд. сомаға 8 жоба жүзеге асырылды: Глубокое, Көкпекті, Күршім, Үржар.

Аталған елді мекендердегі көшелерді орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, 3 фитнес-орталықтың (Көкпекті, Күршім, Үржар ауылдары) және Мәдениет үйінің (Глубокое кенті) құрылысы басталды.

2020 жылы 20 ауылда 7,2 млрд теңгеге 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Арнайы жобаға облыстағы 116 тірек ауыл кірді және олар мемлекет қолдауына ие болады.

Шекаралық Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарын дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған бағдарламалары жасалды.

Кешенді жоспарлардың аясында 5 жыл ішінде барлық көздерден 207 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді (оның ішінде бюджет қаражаты – 144,1 млрд. теңге, жеке инвестициялар – 63,1 млрд. теңге), оның ішінде:

– кәсіпкерлік және туризм – 36,4 млрд. теңге;

– агроөнеркәсіптік кешен – 41,4 млрд. теңге;

– тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым – 45,5 млрд. теңге;

– транспорттық инфрақұрылым – 58,2 млрд. теңге;

– әлеуметтік сала – 25,7 млрд. теңге.

Жобаларды жүзеге асыру есебінің нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылды. Аталған аудандардағы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қолжетімділігі орташа алғанда 94%-ға жетті, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі – 86 пайыз.

Мемлекет басшысының Семей қаласын дамыту мәселесін, оның Қазақстанның тарихи орталығы ретіндегі жаңа мәртебесін қолдауы облыс тұрғындары үшін үлкен маңызға ие.

Премьер-Министр Асқар Ұзақбайұлы Маминнің қатысуымен 2020-2025 жылдарға арналған қаланы дамытудың Кешенді жоспары таныстырылды, оның аясында 7 бағыт бойынша 56 жоба іске асырылмақ. Бұған бұрын-соңды болмаған – 260 млрд. теңге қаржы бағытталмақ, соның ішінде 76 млрд. теңге бюджеттік емес қаржы көздерінен.

Қорытындысында 5 жылдың ішінде Семей қаласы бойынша өнеркәсіп көлемі – 1,6 есе, негізгі капиталға инвестициялар – 1,2 есе, ауылшаруашылығындағы ішкі өнім – 1,2 есе артпақ.

4 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады, 703 мың шаршы метрді құрайтын 133 көпқабатты үй, 4 мектеп пен 4 бала бақша, мұз айдыны, балалар ауруханасы, мүгедектерге арналған оңалту орталығы қолданысқа беріледі.

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының алдында бірінші кезекте цифрлық технологиялар элементтерін қолдану арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру міндеті тұр,

Өткен жылы Ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталық іске қосылды. Оның негізгі басымдығы – жол қозғалысы қауіпсіздігін, қоғамдық құқықтық тәртіпті, шұғыл және коммуналдық қызметтер жұмысын қамтамасыз етудегі ақпараттық жүйелердің өзара әрекетіне бірыңғай, кешенді амал-тәсіл.

Құрылымға жедел ақпараттар орталығы («Сергек», қоғамдық құқықтық тәртіп (бейнебақылау), «109» қызметі, 112 – бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет), Ситуациялық және Инвестициялық орталықтар кіреді. 3 мыңнан аса көрсеткіштер жинақталған, 20 жүйеаралық интеграция ұйымдастырылған.

Қоғамдық қабылдаудың базасында азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша қызметтерді ықпалдастырудың бірыңғай тұғырнамасы жұмыс істейді. SMS-хабарландыру арқылы сапаны бағалау жүйесі енгізілген.

Өскемен және Семей қалаларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар бос жерлерінің электронды картасы жасалған. Риддер қаласының және барлық шағын қалалардың сандық картасы жасалған (Шемонайха, Зайсан, Аягөз, Алтай, Серебрянка).

Өмір сүру сапасы көбінесе нақты сектордың даму деңгейімен анықталады.

Өткен жылы 24,1 млрд теңгеге кәсіпкерлікті қолдау картасының 4 жобасы енгізілді. Алдағы 5 жылда инвестиция көлемі 568 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Саланы дамытудың негізгі аспектілері импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру болуы керек.

Алдағы уақытта геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, геофизикалық зерттеулер жүргізуге назар аударылады.

Шикізат базасын кеңейту жаңа өндіріс орындарын құру және жаңарту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажетті жағдайларды жасайды.

Ресурстық базаны дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы 2022 жылдан бастап өндірістік қуаттылықты 2041 жылға қарай 50,0 млн. тонна рудаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игеруімен тау-кен байыту фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.

2017 жылы аймақтың ең ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарының бірі – Ақтоғай тау-кен байыту фабрикасы енгізген сәтті жұмыс, инвесторларды екінші «Ақтоғай-2»сульфидті кен байыту фабрикасын салуға ынталандырды, бұл 2021 жылдан бастап ТКБК-ның қуатын 25-тен 50 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдан бастап Бақыршық тау-кен байыту комбинаты флотациялық концентраттар үшін автоклавты сілтілендірудің жаңа технологиясын қолдана отырып алтын рудасының кен орнын игеруде, бұл 92% металл құрамды руда алуға мүмкіндік береді (алтын).

Қызыл жобасы арқылы алынған концентрат Қытай мен Ресей Федерациясына экспортталады деп жоспарлануда.

Тарбағатай ауданындағы табиғи минералды бентонит кен орнында дәрілік сорбенттер өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Кендірлік кен орнында метанол өндіру және көмірді брикеттеудің мүмкіндігі бар.

Отандық ғылымның әлеуетін қолдана отырып, инновациялық жобаларға ерекше мән беріледі.

Өткен жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлескен ҒЗжТКЖ жобалары бойынша үш жылдық ғылыми кезең аяқталды.Титаннан, танталдан, ниобийден және олардың қорытпаларынан медициналық мақсаттағы бұйымдар шығарудың жаңа бәсекеге қабілетті технологиялары жасалды.

Осы жұмыстың нәтижелері бойынша заманауи өндірістік және аналитикалық жабдықтармен жабдықталған травматология мен ортопедияға арналған медициналық имплантаттар шығаратын алғашқы эксперименттік өндірістік алаң құрылды.

Травматология және ортопедия ҚазҒЗИ-нің тапсырысымен қазақстандық өндірістің медициналық импланттарының алғашқы прототиптері шығарылды.

«ҮМЗ» АҚ-мен бірге MРБ үшін өткізгіш сым шығару технологиясы жасалды. Прототип Furakawa Electric жапон компаниясының оң қорытындысын алды. Өткізгіш сым магнитті-резонансты бейнелеудің әлемдік өндірушілерінде сұранысқа ие.

«Казцинк» ЖШС-мен бірге электролит әдісімен мырыш өндірісі бойынша зерттеу желісі құрылды. Бұл технологияны өнеркәсіптік масштабқа енгізу, қымбат кокстың құнын 30% -ға төмендетеді, ал бұл өз кезегінде парниктік газдар шығарындыларын азайтады.

Үлбі металлургиялық зауыты Қытайдың жалпы ядролық энергетикалық корпорациясымен бірлесіп, атом өнеркәсібінде жанармай жинақтау өндірісін құруда. Алғашқы сынақ жиынтықтары биыл шығарылып, сертификатталады деп жоспарлануда. Өнімнің шығарылуы әлемдік нарықтағы позицияны нығайтады, ал компания 20 жыл ішінде кепілдендірілген сатылымға ие болады.

Өнеркәсіппен қатарагроөнеркәсіптік кешен де белсенді дамуда.

Облыс сүт, бал, мүйіз және күнбағыс майлы дақылдарын өндіру бойынша республикада 1-ші орында, ет өндірісі бойынша 2-ші орында.

2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 31 млрд теңге субсидия бағытталды. Біз бұл қаражатты тиімді пайдалануды және толық қайтаруды қамтамасыз етуіміз керек.

Сүт фермаларын дамыту аясындағы инвестициялар 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін халықтан сүт сатып алуды ақшалай түрде 17 есе, заттай түрінде 13 есе (3,7 мың тоннадан 48,4 мың тоннаға) дейін арттыруға мүмкіндік берді. 5 жыл ішінде өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 29-дан 75% -ға артты.

Векторлық бағыты өсімдік шаруашылығын экспортқа бейімделген өнімге көшіру болып айқындалды.Соя мен жүгері өндірісі аймақ үшін стратегиялық маңызға ие.2024 жылға қарай егіс алқаптары 4,2 есе, жалпы түсім – 6,5 есе, өнім экспорты – 10 есе/1,5-тен 15 мың тоннаға дейін/өседі.

Тиімді шағын және орта бизнес – аймақтың дамуының берік негізі. Өткен жылы ШОБ субъектілерінің саны 1,4%-ға, өнім көлемі 32%-ға өсті. Субсидияланған және кепілдендірілген бизнес-жобалар саны бойынша облыс 2-ші орында. «Ақ ниет» өңірлік бағдарламасы аясында 3,4 миллиард теңгеге 69 жоба қаржыландырылды.

Туризм саласындағы қарқынды бәсекелестік күрес біздің алдымызға жаңа міндеттер қояды. Шығыс Қазақстан – туризмді дамытудың кластерлік тәсілі қолданылатын өңірлердің бірі.

Алакөл жағалауы Қазақстанның басымды туристік нысандарының үздік ондығының қатарына кірді. Соңғы 3 жылда инфрақұрылымға және абаттандыруға бюджеттен 6,3 млрд.теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда 30 млрд.теңгеге тағы 6 ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Катонқарағай ұлттық паркі және Рахман көлі, Глубокое ауданы мен Риддер қаласының тау шаңғы кластерлері, Бұқтырма су қоймасы туризмді дамытудың  басым бағыттары болып табылады. Аталған нысандар бойынша жол картасы әзірленетін болады.

Біздің аймақтың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылдың басында Ресейдің қазіргі заманғы мемлекеттік орталық музейінде (Мәскеу) «Ұлы Дала алтыны» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені 7 мыңнан астам адам тамашалады.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы Абай ауданы мен Семей қаласында ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Мереке барысында 560 іс-шара, оның ішінде 24 халықаралық (Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Польша, Қытай), 21 республикалық, 526 аймақтық шаралар өтеді.

Осы айдарда

Back to top button