Табиғат

Шұғыл желі іске қосылды

Ауа райының қолайсыздығына, қалың қар жауып, ақтүтек боранның күшеюіне, көктайғаққа байланысты аймақтағы автокөлік жолдары бірінен соң бірі жабылып жатыр. Облыста шұғыл әрекет ететін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта облыста азаматтардың хабарламаларын қабылдауға арналған (55-38-19 нөмірі бойынша) шұғыл желі іске қосылған.         Тұрғындарға ауа райының нашарлағаны туралы СМС-хабарламалар таратылып, «Дәрмен» қосымшасы жұмыс істеп тұр.

 Қазіргі таңда облыс аумағында автожолдардың 9 учаскесі жабық:

  •   1.​ ​​Предгорное – Шемонайха – Ресей шекарасы
  •   2.​ ​Герасимов а. – Семей қ.
  •   3.​ ​Қалбатау – Қ.Қайсенов
  •   4.​ ​Тарғын – Самар
  •   5.​ ​​Абай обл. шекарасы – Шемонайха
  •   6.​ ​Шемонайха – Секисовка
  •   7.​ Шемонайха – Үлкен өзен​ ​
  •   8.​ ​​Өскемен – Таулы Үлбі – Северное
  •   9. Өскемен – Новотроицк а.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға елді мекеннен тыс жерлерге шықпау қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай туралы 112-ге хабарлау қажет.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button