Табиғат
ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар
Демалыс күндері шығыс жұртшылығы қала шуылынан демалғанды ұнатады. Алайда осы жолы қоя тұрғандарыңыз абзал. Бұл туралы ТЖД мамандары ескертіп жатыр.
“Қазселденқорғау” ММ филиалының ақпараты бойынша қауіп 7 ақпанға дейін сақталады.
“Желдің соғуы, қардың көп болуы, температураның жоғарылауы – мұның бәрі таудағы қар көшкінін туғызуы мүмкін. Тауға барудан және таулы жерлерден аулақ болыңыз, көшкін қаупі бар беткейлерден өтіп бара жатқанда абай болыңыз”, – деді ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына.
Балауса Мэлсқызы