Сайлау-2023

ШҚО: жабық сайлау учаскесіндегі жағдай қалай?

Шығыс Қазақстан облысының ана мен бала орталығында таңертеңнен бастап 50-ден астам босанған әйел өз таңдауын жасады. Бұл күні №60 жабық сайлау учаскесінде 200-ге жуық сайлаушы дауыс берді.
Бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Бұл саяси науқанға еліміздің барлық азаматы қатысып, өз таңдауын жасай алады. Сонымен, ел үшін маңызды күні перзентханада болған әйелдер үшін таңертеңнен бастап жабық сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Мен төрт баланың анасы болдым. Бүгін мінеки жаңа туған сәбиім екеуміз өз таңдауымызды жасадық. Бұл – менің балаларымның және менің елімнің болашағы үшін жасалған таңдау! Менің ойымша, бұл күні әрбір азамат дауыс беруі керек, – дейді Эльвира Раянова.

Айта кетейік, сайлау қарсаңында өңірде 14 сәби дүние есігін ашқан, оның төртеуі ұл, 10-ы қыз.

Осы айдарда

Back to top button