Ауа райы

ШҚО тұрғындарына көшеге шықпауға кеңес берілді

18 шілдеде аймақта аптап ыстық күтілуде.

Осыған байланысты тұрғындарға ескерту жасалды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазгидромет” РМК облыстық филиалының ақпараты бойынша, 18 шілдеде өңірдің оңтүстігінде + 35°С ыстық сақталады.

– Халық сақтық шараларын сақтауы қажет. Қатты ыстықта мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе 11: 00 — ден 17:00-ге дейін, – деді ТЖД.

Айта кетелік, өңірде төтенше өрт қаупі әлі де сақталуда.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button