Жаңалықтар

ШҚО полиция департаменті жұмысқа шақырады

ШҚО полиция департаменті жұмысқа қандай мамандар керектігін айтты.

Бұл туралы ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков облыс орталығында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Брифингте полиция департаменті ішкі істер органдарында жұмыс істегісі келетін азаматтардың барлығына жұмыс беруге дайын екендерін жеткізді. Тек, қойылған талаптарды орындап, тиісті құжаттарды жинап, кезең кезеңімен өтетін байқаудан өтсе болғаны.

-Қазіргі уақытта бізге жедел уәкілдер, тергеушілер, инспекторлар керек. Оларға қойылатын талаптарды жұмыс орнына конкурс жариялағанда болық айтатын боламыз. Жұмысқа орналасам деушілердің санына шектеу жоқ. Тек, ішкі істер органында жұмыс атқаруға деген құлшынысы болса болғаны, -дейді Ренат Унарбеков.

Айта кетелік, 2022 жылдың қазан айынан бастап полиция қызметкерлеріне 30% – ға дейін үстемеақы төленеді. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап жедел-тергеу бөлімшелерінің жалақысы да көтерілді. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап лауазымдық жалақылар өскен.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button