Сайлау-2023

ШҚО-ның бірқатар сайлау учаскесінде ерекше жағдай жасалған

Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

Жергілікті атқарушы органдар таратқан реси деректерге сүйенсек, облыста дауыс беру кезінде ерекше шарттарды талап ететін барлығы 1784 адам бар, оның ішінде 650 адам мүгедек арбасын пайдаланса, 700-адамның көру қабілеті, 434 адамның есту қабілеті нашар.

Өңірде дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар сайлауға қатыса алатын 312 сайлау учаскесі белгіленген. Негізінен бұл санаттағы азаматтардың дені Өскемен қаласында, Алтай және Шемонайха аудандарында дауыс береді. Және ерекше қажеттілігі бар адамдар дауыс беретін 495 учаске бірінші қабатта орналасса, 472 учаске пандуспен, 482 учаске түрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.

Сондай-ақ 424 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде мүгедек арбасын пайдаланушылардың қажеттілігін ескере отырып жасырын дауыс беруге арналған кабиналар қарастырылған. 502 учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған.

Дауыс беру күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұратын бес елді мекенде 15 инватакси  ұйымдастырылған. Нашар еститін азаматтар көп баратын учаскелерде 15 сурдоаудармашыларды шақыру жоспарланған.

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button