ЖаңалықтарТОП

ШҚО халқы қартайып барады

Қазақстан бойынша бір жыл ішінде қартаю индексі 1,6 пунктіге көтерілген. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының халқы қартаю бойынша көш бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша қартаю идексі бір жыл ішінде 1,6 пайызға өскендеп хабарлайды Didar ақпарат.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс Шығыс Қазақстанда тіркеліп, 56,9 пайыз болған. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы – 56,3, Қостанай облысы – 48,9 пайыздық мөлшерге жеткен.

«Елімізде 2022 жылы қартаю индексі 28,2 болды, осылайша бір жылда 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 ж.). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді», – деп жазылған Ұлттық статистика бюро хабарламасында.

Ал халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы екен. Онда соңғы 10 жылда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Бұл өңірде 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.

Осы айдарда

Back to top button