Жаңалықтар

ШҚО әкімін тағайындау: 153 депутат дауыс берді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Премьер-Министр депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Ермек Көшербаев пен Дархан Сапановтың кандидатураларын қарауға ұсыну туралы хатын оқып берді.

Айта кетсек, Ермек Көшербаев бұған дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымында қызмет атқарған. Ал Дархан Сапанов – ШҚО әкімінің орынбасары.

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 117 депутат Ермек Көшербаевтың кандидатурасын қолдады, 36 депутат Дархан Сапановқа дауыс берді.

Дауыс беруге барлығы 153 депутат қатысып отыр.

Осы айдарда

Back to top button