Жаңалықтар

ШҚО-дағы теміржол апаты: Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Бұқтырма-Заводника» теміржол учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең аталмыш учаскеде кен және көмір тиеген вагондар тағаннан тайып кетті. Қаза тапқан немесе зардап шеккен адам жоқ. Облыс және Алтай ауданының басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтқан жөн.

Жолды ашу үшін Өскемен станциясынан пойыз шыққан болатын. Қазір мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Осы бағытпен жолаушылар пойызы ертең жүреді. Оған дейін жол ашылады.

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздік департаментінің мамандары тергеу жүргізіп жатыр. Бұған бес күн уақыт беріледі. Оған дейін вагондарды алып жолды ашамыз. Учаскеде қазір елу шақты жұмысшы еңбектеніп жатыр. Шамамен, 75 метр рельс зақымдалған, соны қалпына келтіреміз. Жөндеуге қажетті жабдықтар вагонға тиелген, Бұқтырма стансасында дайын тұр. Аталмыш стансадан қосымша қырық жұмыс күшін қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдыра аламыз. Кешке дейін вагондарды жолдан алып үлгерсек, жолды жөндеуді бастап кетемуіз, – деді «Күмістау» жол дистанциясының бастығы Ринат Аралбаев.

Осы айдарда

Back to top button