Білім

ШҚО-дағы мектептер оқу жылына дайын ба?

ШҚО-да мектептердің дайындығына аралық мониторинг жүргізілді.

Қазір облыста оқу жылының басталуына 204 мектеп дайын, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсұтова айтты.

22 шілдедегі жағдай бойынша, облыстағы 350 мектептің 204-іне ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары жасалған екен. Олар жаңа оқу жылының басталуына дайын. Қалған мектептерде ағымдағы және косметикалық (бояу, әктеу) жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін жалғасады.

– Сондай-ақ үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екеуінің жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталмай қалуы мүмкін, ал үшіншісінің жөндеу жұмыстары 2024 жылы бірақ аяқталады, – дейді Зейнеп Махсұтова.

Жүргізілген мониторинг 167 мектепке күрделі жөндеу қажеттілігін көрсетті. Оның 73-іне жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Департамент басшысының айтуынша, бүгінде қалған мектептер үшін   қаржыландыру қарастырылмаған екен.

 

Осы айдарда

Back to top button