ЖаңалықтарОқиғалар

ШҚО-да тағы бір адам суға кетті

Қайғылы оқиға 20 маусымда Глубокое ауданында тіркелді.

Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерде шомылған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

1983 жылы туған ер адам достарымен бірге су қоймасына келген. Олар жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемей, жабдықталмаған жерде шомылады.

Қазіргі уақытта суға кеткен жігіттің денесі табылды. Мәйітті судан ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері алып шықты.

– “Тыйым салынған белгілер – бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін ақпарат. Олар қауіпті – күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды”, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

 

Осы айдарда

Back to top button