Әлеумет

ШҚО-да орташа жалақы 328 мың теңгені құрады

ШҚО-да 2023 жылы орташа айлық жалақы 328 мың теңгені құрады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

2023 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық жалақы 328 мың 528 теңге болған.

– Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалақы 115,4% – ға өсті. Көлемі бойынша ең үлкен орташа айлық жалақы өнеркәсіп салаларында қалыптасты – 504 мың 230 теңге, ең азы басқа қызмет түрлерін ұсынуда – 154 мың 237 теңге, – деді Ерназ Нұрланов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2023 жылдың 6 айында жұмыссыз халық саны 17 мың 823 адамды, ал жұмыссыздық деңгейі 4,7% -ды құрады.

– 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс халқының саны 729,8 мың адамды құрайды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ШҚО халқының саны 425 адамға азайды. Қала тұрғындарының үлесі 0,1% – ға, ауыл тұрғындарының үлесі 0,4% – ға азайды, – деді ол.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында облыс өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемінің 5,4% өндірді, ол 1 трлн 219,9 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 104,9% құрады.

– Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен тау – кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 6,8% – ға, өңдеу өнеркәсібінде-5,3% – ға өсу байқалады. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 7,6% – ға, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою қызметінде 14% – ға төмендеу байқалды, – деп қорытындылады спикер.

Осы айдарда

Back to top button