ШҚО-да қырықтан астам адам қызылша жұқтырды
Елімізде балалар арасында қызылша ауруы асқынып барады.
2023 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша облыста қызылша ауруының зертханалық жолмен расталған 48 жағдайы тіркелген, оның қарқынды көрсеткіш деңгейі 6,6% құрайды, 2022 жылы облыста (ұқсас кезеңімен салыстырғанда) қызылша аурушаңдығы мүлде тіркелмеген, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазинаның баспасөз мәслихатында айтқанындай, біздің облыста қызылша ауруы негізінен екпе алмағандардың арасында және екпе алуы туралы деректері жоқ адамдар арасында тіркеліп жатыр. Ауырған 48 науқастың ішінде 40 адам екпе алмаған.
Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесінде облыста қызылшамен ауырған науқастардың 27,1% немесе 13 адам қызылша ауруын көктемде, жазға салым Стамбул (Түркия), Алматы, Атырау, қалаларынан және Тәжікстан елдерінен ауырып келіп, жұқтырғандығы анықталды.
2023 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша қызылша ауруының зертханалық жолмен расталған 10 779 жағдайы тіркелген, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9007 жағдай, ересектер арасында – 1477 жағдай, жасөспірімдер арасында 295 жағдай.
Облыста қызылшамен ауырған науқастардың негізгі үлесі 85,4% – 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (41 жағдай), ауруашаңдықтың үлесі 12,5% – ы ересектерде (6 жағдай) және 2,1% – ы жасөспірімдерде (1 жағдай).
Аурушаңдық жағдайлары келесі аумақтарда тіркелген: Өскемен қаласы (35), Самар ауданы, (8), Зайсан ауданы (1) Ұлан ауданы (2) және Глубокое ауданы (2).
Облыста қызылша ауруы негізінен екпе алмағандардың арасында және екпе алуы туралы деректері жоқ адамдар арасында тіркеледі, 48 науқастың 46-сы осы санатқа жатады.
Қызылша ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізіліп, медициналық бақылаумен 1006 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 330 бала қамтылған.
Байланыста болғандардың арасынан эпидемиологиялық негізінде 67 адамға қызылшаға қарсы екпе егілген (оның ішінде 14 жасқа дейінгі 31 бала).
Автор: Жанаргүл Мұқатай