Жазғы демалыс

ШҚО-да қандай лагерлер балаларды қабылдауға дайын?

ШҚО-ның 14 лагері СЭБД-дан рұқсат алды.

2023 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша өңірдің 14 сауықтыру лагері нысандардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған және балаларды қабылдауға дайын, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті рұқсат алған лагерлердің тізімін ұсынды:

  • Катонқарағай ауданының “Арайлы Шығыс” жыл бойғы лагері;
  • Өскемен қаласының “Жігер” жазғы демалыс лагері;
  • Алтай ауданының “Жемчужина” мектеп жанындағы балалар лагері;
  • Малоубинка ауылының “Толағай” жазғы сауықтыру лагерлері;
  • Горная Ульбинка ауылының “Дарын” және “Алау” жазғы сауықтыру лагерлері;
  • “Казцинк” ЖШС-ның “Синегорье” ДСК демалыс базасындағы жазғы лагерь;
  • Риддер қаласындағы ОРРММИК сауықтыру лагері”;
  • Ұлан” ауданының “Үміт”, “Болашақ”, ” Қызыл желкендер” жазғы балалар сауықтыру лагерлері;
  • Күршім ауданының “Балдәурен” лагері;
  • Зайсан ауданы әкімдігінің “Зайсан аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы”;
  • Тарбағатай ауданының “Сенім” жазғы лагері.
Back to top button