ЖаңалықтарӨзекті

ШҚО-да интернет-алаяқтық өршіп тұр

ШҚО-да жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 300-дей фактісі тіркелген.
Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында интернет-алаяқтықтың шамамен 300-дей фактісі тіркелді, оның 80% облыс және республика аумағынан тыс жерден жасалыпты, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Мамандардың айтуынша, интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері көп және әр уақыт сайын күрделене түсуде.
Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты алдау және сенімге кіре отырып жымысқы әрекеттерін іске асырып, бүгінде қылмыстардың ең көп тараған түріне жатқызылуда.
«Ашық интернет алаңдарында, мысалы ОЛХ, Колеса, Крыша және әлеуметтік желілерде кездесетін тауарға немесе қызметке алдын ала төлем жасауды сұрау арқылы алаяқтарды жымысқы әрекеттерін іске асыруда. «Банк қызметкерлері» атынан қоңырау шалып, жәбірленушінің атына немесе шоттарына күмәнді операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы сендіріп, олардың аттарына несиелер рәсімдейді. Қолда бар ақшалай жинақтарды толығымен алып тастау жайттары немесе жәберленушілірге қоңырау шалып өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыра отырып, танысы немесе жақын туысы проблемалық жағдайға тап болғанын және оны шешу үшін белгілі бір ақша қажет екенін айту арқылы да алаяқтық жасаған фактілер жетерлік» -, дейді Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Азамат Рахадылов.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау қажет.
«Естеріңізде болсын, банк қызметкерлері, тіпті банк қауіпсіздігінің қызметкерлері ешқашан өз клиенттеріне қоңырау шалмайды. Сонымен қатар, ешкімге және ешбір жағдайда өзінің жеке деректерін хабарлауға және беруге болмайды – ЖСН, карточка нөмірлерін, Пин-кодтар мен СМС-тер және де карта ішкі жағындағы 3 таңбалы нөмірді. 2 аптада бір рет мобильді банкингтегі кодттар мен карта ПИН-кодтарын өзгертіңіздер», – дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Орал Рысбаев.
Құқық бұзушылықтардың осы түрлерімен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында полиция қызметкерлері халықтың барлық топтарымен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Қазіргі уақытта Полиция департаментінде интернет-алаяқтықты ашу және тергеу жөніндегі арнайы топ жұмыс істейді. Сондай-ақ осы айда «1 терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Киберпол» тобын ашу жоспарланып отыр.

 

Осы айдарда

Back to top button