Жаңалықтар

ШҚО-да екпеден бас тартатындар көбейіп кетті

ШҚО-да вакцинадан бас тарту жағдайлары үш есе көбейген.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанның 9 аумағында вакцинадан бас тартудың 78 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырсақ, екпеден бас тарту жағдайлары 3 есеге артып отыр.

Бұл туралы Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді.

Сонымен қатар, брифинг барысында ағымдағы жылдың I тоқсанындағы облыс тұрғындарын иммундау қорытындысы жайлы айтылды.

– 1 жасқа дейін жаңа туған нәрестелердің 97,6%-ы БЦЖ алды, В вирустық гепатитіне қарсы – 96,7%. 1 жастан асқан балалардың 39% -ы пневмококк инфекциясына қарсы егілді, қызылша, қызамық, паротит 1 – 40,9%, полиомиелит ОПВ 4 – 30,4%. Сондай – ақ, дифтерияға, сіреспеге қарсы 6066 адам егілді, – деді департамент өкілі.

Осы жылдың басынан А – 2 вирустық гепатитіне қарсы вакцина  1681 балаға салынды, кене энцефалитіне қарсы 6874 адам егілді, құтыруға қарсы – 213 адам.

Айта кетсек, Қазақстанда 11 инфекцияға қарсы екпе алу міндетті болып табылады.

Шығыс Қазақстанда вакцинация облыстың 25 емханасында жүргізіледі.

 

 

Осы айдарда

Back to top button