Ауа райы

ШҚО-да бұршақ жауып, дауыл соғады

Шығыс Қазақстан аумағында ертең бұршақ жауып, дауыл соғады.

ШҚО-да 22 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.

Осы айдарда

Back to top button