Жаңалықтар
ШҚО-да биыл 23 мың тұрақты жұмыс орны құрылды
Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың халықпен кездесуі басталды.
Өңір басшысы жыл соңындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
– Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсімі 3 пайызға тең болады деп болжанып отыр. Бұл – 4,4 трлн теңге. Өткен жылға қарағанда, өнеркәсіп өнімі 9 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 5 пайызға өседі. Негізгі капиталға инвестиция 7 пайыздық өсіммен 596 млрд теңге болды, – деді облыс әкімі.
Өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеген. Биыл 30 мың жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орны.