ҒылымЖаңалықтар

ШҚО-да атом энергетикасына арналған жиын өтті

Өскемендегі Қазақстан-Америка Еркін университетінде «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел жиыны өтті.

Кездесуге еліміздің атом саласының көрнекті қайраткерлері, өнеркәсіп кәсіпорындарының, кәсіподақтар мен педагогикалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ шетелдік қонақтар жиналды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО-да атом энергетикасына арналған жиын өтті

– Біз бір-бірімізді құттықтауға және ардагерлерімізді құрметтеуге, сондай-ақ 30 жыл ішінде қандай жұмыс атқарғанымызды айту, және де қазір қоғаның алдында қандай мақсаттар мен міндеттер тұрғанын түсіндіру үшін жиналып отырмыз. Білім алмасу, дөңгелек үстел, ары қарай жұмыс істеу үшін мақсаттар мен міндеттерді талқылау және әзірлеу жүріп жатыр. Біздің қоғам ҚР-дағы ғылыми – техникалық прогреске, ядролық технологияларды сақтау мен дамытуға, жастарға білім беруге барынша ықпал ету үшін құрылған, – деді «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының президенті Владимир Школьник.

ШҚО-да атом энергетикасына арналған жиын өтті

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, бүгінде ғалымдардың пікірі маңызды. Сондықтан «Қазақстанның ядролық қоғамының» рөлі өте зор. Біздің еліміздің ядролық физика саласындағы озық мемлекеттердің бірі болу үшін барлық мүмкіндіктері бар.

– Бізде ядролық реактор, бейбіт атом, материалтану реакторлары бар. Мұның бәрі үлкен инвестицияларды тартады және елдің даму деңгейін арттырады, – деп атап өтті әкім.

Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов елімізде атом электр станциясын салудың артықшылықтарын түсіндіре отырып, тұрғындарға бейбіт атомды дамыту мақсатын жеткізді және де қауымдастықтың атқарып жатқан үлкен жұмысы туралы баяндап берді.

ШҚО-да атом энергетикасына арналған жиын өтті

Айта кетсек, «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел екі күн бойы жалғасады. Онда уран өндіру, жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері, ҚР атом өнеркәсібіндегі кәсіподақтардың рөлі және т.б. маңызды тақырыптар талқыланады.

ШҚО-да атом энергетикасына арналған жиын өтті

 

Осы айдарда

Back to top button