Жаңалықтар

ШҚО-да астық бағасы қымбаттауда

Облыста дәнді дақылдың бағасы қымбаттауда.

Ал бұл ұн бағасының көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Didar ақпарат.

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше қазан айының алғашқы онкүндігінде астық бағасы килограмына 120-130 теңгеге дейін өскен. Ал тамыз айында ол 90 теңгеден басталған болатын. Бағалардың бұлай өсуі егін жинау маусымына келген құрғақшылық пен кейінгі жаңбырға байланысты.

Астық бағасынан кейін ұн бағасы да көтерілуі мүмкін. Бұл болашақта нан өнімдерінің қымбаттауына әкеледі. Бірақ елде егін жинау әлі аяқталмағандықтан ауыл шаруашылығы басқармасы алдын ала болжам жасамайтындарын жеткізді.

Облыста баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің шаралары қазірдің өзінде қабылданды. Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы министрлігімен және “Азық-түлік корпорациясы ” ҰК АҚ-мен 2,5 мың тонна көлемінде арзандатылған астық жеткізуге үшжақты меморандумға қол қойды.

-Арзандатылған астықтың сату бағасы тоннасына 90 мың теңгені құрайды, бұл ретте әлеуметтік ұнның бағасы тоннасына 130 мың теңге болады, – дейді облыстық басқарма өкілдері.

Ал әлеуметтік нанның бағасы 90-100 теңге деңгейінде белгіленеді.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button