Сайлау-2023ТОП

ШҚО-да 500-ден астам сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін  елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау болып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында барлығы 533 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша 501 сайлау учаскесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, саяси науқанға 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматты қатыса алады. Сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа адамға тапсыруға немесе басқа біреу үшін дауыс беруге рұқсат жоқ. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Ол үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Дауыс беруші бюллетеньді сайлаушылар тізімінен алғанын растап қол қояды. Бюллетеньдер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады,ол жерге сайлаушыдан басқа адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Егер сайлаушы денсаулық жағдайына байланысты немесе отбасындағы науқас адамға күтім жасау себебінен дауыс беруге бара алмай қалса, сайлау учаскелері жоқ қаланың шалғай аудандарында болса, онда жергілікті уақыт бойынша 12 сағаттан кешіктірмей учаскелік сайлау комиссиясына үйден дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгіне алатынын айта кетуіміз керек.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button