Сайлау-2023ТОП

ШҚО: ауылдағы сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ өкілдері келді

Глубокое ауданындағы сайлау учаскелерінің барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Прогресс ауылындағы 494 учаскеге ОБСЕ өкілдері Mary-Margaret Knudson және Kiss Benadik келді. Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Рыскүл  Мұратбекова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан байқаушыларды аудармашының көмегінсіз-ақ дауыс беру науқаны бойынша ақпаратпен таныстырды. Қонақтар сайлау учаскесінің жұмысынан кемшілік көрмегендерін айтты. Ал дауыс беруге келген Прогресс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нина Жаканова сайлаудың ойдағыдай өтіп жатқанын жеткізді.

– Біз айтқан сөзінде тұратын адамдарға дауыс береміз. Барлық үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысқанбыз. Олардың айтқаны жүзеге асады деп сенеміз, – дейді ол.

Глубокое ауданы бойынша дауыс беру кешке дейін жалғаса береді.

Осы айдарда

Back to top button