Жаңалықтар

Шетелдіктер eQonaq ақпараттық жүйесі арқылы тіркеле алады

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуы туралы хабарламаны ұсынудың баламалы тәсілі – eQonaq ақпараттық жүйесі.
Өскемен қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімі көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Осы ретте шетелдіктерге ел аумағында болуы туралы хабарлама тапсыру үшін eQonaq ақпараттық жүйесін пайдалана алатынын ескертеді.
Жүйені пайдалану үшін алдын ала eQonaq.Kz порталына тіркелу қажет. Жүйеде авторизациядан кейін шетелдіктің төлқұжатын сканерлеуге немесе деректерді қолмен енгізуге болады. Бұл қызметтің нәтижесі Сіздің жеке кабинетіңізде сақталады.
Келу туралы хабарламадағы ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ, хабарламаның уақытылы тапсырылуына қабылдаушы жауапты.
Хабарламаны уақытылы бермегені үшін қабылдаушы тұлғалар Қазақстан Республикасындағы ӘҚБтК-нің 518 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетсек, биыл жыл басынан бері Өскемен қаласында 241 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

 

Осы айдарда

Back to top button