Жаңалықтар

Шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініштер 31 желтоқсанға дейін қабылданады

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы елімізде барлығы 237 мыңнан астам автокөлік заңдастырылған.

Оның 7 мыңнан астамы ШҚО аумағына тиесілі, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін біздің елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне  дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады. Алайда елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен  кейін әкелінген көлік кұралдары заңдастыруға жатпайды.

Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдын 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатын болды. Бүгінгі  күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға 2 айдан аз уақыт қалды. Ішкі істер министрлігі уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, автокөлік иелерін заңдастыру процессін аяқтауға және көліктерін тіркеуге шақыруда.

Ынтымақ Толқын

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button