Білім

Шеңгелдіде мектеп құрылысы басталады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Тарбағатай ауданында әлеуметтік салаға, көлік-инженерлік инфрақұрылыммен, интернетпен қамтуға байланысты жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Ауданға жасаған іссапары барысында облыс әкімі бірінші кезектегі міндеттер тізімін айқындауды тапсырған, қазір құрамына барлық басқарма өкілдері енген комиссия бұл тізімді егжей-тегжей талдауда.

– Сумен жабдықтау бойынша бірқатар жоба іске асады, сондай-ақ қажет болған жерде блокты-модульді станса желілері төселіп, жөнделеді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 156 үйдің 48-ін ауданның 9 ауылында саламыз. Бұл ретте жас дәрігерлер, мұғалімдер және ветеринарлар үшін баспана қарастыру да маңызды, – деді облыс әкімі.

Шеңгелдідегі мектеп құрылысына келсек, мұнда 18 қыркүйекке дейін қолайлы типтік жоба таңдалып, шарт аясында құрылыс басталмақ. Аудан тұрғындарын интернетпен қамту үшін антенна орнатылып жатыр. Бұл мәселе бейінді министрлікпен де пысықталуда. Көптеген жобалардың сметалық құжаттары дайын.

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button