Жаңалықтар

Шемонаихада ағымдағы жылы 610 жұмыс орыны құрылды

2023 жылдың 9 айында Шемонаиха ауданынд 610 жұмыс орыны құрылған.

Оның 236-сы тұрақты болса, 374-і уақытша, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аталмыш көрсеткіш 2021-2025 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерліктің ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жүзеге асқан.

-Ауданда 340 адам бос жұмыс орындарына орналасты. Ал 372 тұрғын қоғамдық ақылы жұмыстарға жіберілді. Сонымен қатар «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орыны» жобалары бойынша да жұмысқа орналастыру жүргізілді. Ауданға жұмыс күші артық өңірлерден 16 отбасы қоныстанды. Оларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, -дейді Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев.

Айта кетелік, ауданда жеке кәсіппен айналысуға ниет білдірген 10 адамға 400 АЕК мөлшерінде грант берілген.

 Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button