Аймақтар аухалы

Шемонаиха мектептері сапалы интернетпен қамтылған

Шемонаиха ауданында мектептердің барлығы интернетпен және компьютерлік техникамен жабдықталған.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алексей Ахаев айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

«Жиырма үш мемлекеттік білім мекемесі бар. Барлығы да жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орта есеппен алғанда, 1 компьютерге – 4 оқушы, ауылдарда 1 компьютерге – 3 оқушы», – деді Алексей Ахаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, 23 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте 5 190 оқушы білім алады. Қосымша білім беретін екі мектепте 750 бала оқиды. 12 балабақша мен 12 шағын орталықта 1400 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

«3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгілер – 97,3%», – деді Алексей Ахаев.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button