Жаңалықтар
Шемонаиха ауданында сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде
Шемонаиха ауданындағы ауылдарды сумен жабдықтауға 190,5 миллион теңге бөлініп, 6 жоба іске асырылуда.
Бұл туралы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Оның айтуынша ауданға қарасты Зевакино ауылында ұзындығы 500 метрлік, Барашки ауылында 1400 метрлік құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталған. Ал Верх-Уба, Кенюхово, Первомайский және Рассыпное ауылдарындағы су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бітпегені келер жылы жалғасын таппақ.
Ынтымақ Толқын